Динара Сәдуақасова шахматтан Әлем чемпионы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Динара Сәдуақасова шахматтан Әлем чемпионы атанды

Динара Сәдуақасова шахматтан Әлем чемпионы атанды

Қазанның 20-30 күндері Грекияның Порто-Каррас қаласында шахматтан жастар арасындағы Әлем чемпионаты өтті. Оған 8-18 жас аралығындағы әлемнің 87 елінен 1,5 мыңдай спортшы қатысқан болатын.

  • 1 Қараша 2010
  • 817
Фото - Caravan.kz

Жас ерекшелігіне ер мен қыздар арасында 6 категория бойынша өткен бұл дүбірлі додада ел намсын 18 шахматшы қорғады. Швейцариялық жүйе бойынша 11 кезеңнен тұратын бұл сайыста 14 жастағылар арасында астаналық Динара Сәдуақасова ақтық ойында әзірбайжандық Ульвия Фаталиевадан басым түсіп Әлем чемпионы атағына ие болды. Ол 9 ойында жеңіп, екеуін тең аяқтап, тек біреуінде ғана жеңіліп қалған болатын. Ал Динараның басты қарсыласы қытайлық Леи Тингжи қорытынды сында жеңіліс тауып, үздік үштіке кіру мүмкіндігінен айырылып қалды. Динаранының жеңісті жолын одан кейін командалас сіңлілері сәтті жалғастыра алды. 12 жастағылар арасында Жансая Әбдумәлік 9 ұпаймен күміс жүлдегер атанды. Жансая 7 ойында басым түсіп, төрт партияны тең аяқтады. Құрама қоржынына үшінші медалді 8 жастағы Әсел Серікбай салды. Ол 8 ұпаймен Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера