Әйелдер арасындағы Әлем чемпионатындағы қазақстандық волейболшылардың келесі қарсыласы АҚШ құрамасы болмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әйелдер арасындағы Әлем чемпионатындағы қазақстандық волейболшылардың келесі қарсыласы АҚШ құрамасы болмақ

Әйелдер арасындағы Әлем чемпионатындағы қазақстандық волейболшылардың келесі қарсыласы АҚШ құрамасы болмақ

Жапонияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы Әлем чемпионатында Нелли Щербакова жаттықтыратын қазақстандықтар келесі ойынын ертең АҚШ құрамасымен өткізеді. Олар бұған дейінгі 3 ойында Германияға 3, Тайландқа 3:1, Кубаға 3:2 есебімен есе жіберген болатын.

  • 1 Қараша 2010
  • 504
Фото - Caravan.kz


Енді соңғы 2 ойынын АҚШ пен Хорватия волейболшыларымен өткізеді. Бүгін барлық командалар бір күндік үзіліс алып отыр. Қазақстандықтардың бұл жолғы қарсыластарынан АҚШ волейболшылары алғашқы 3 ойында Тайландты 3:1, Хороватия мен Германияны 3:0 етіп жеңген еді. Ал хорваттар кубалықтарды 3:0 етіп жеңгенмен АҚШ пен Тайланд құрамаларына дәл осындай есеппен ойсырай ұтылды. Жалпы қазаның 29-ы мен қарашаның 3-і аралығында өтетін алғашқы кезеңді құрамында Қазақстан құрамасы енген «С» тобы Мацумото қаласында өткізіп жатыр. Қарашаның 6-10 өтетін екінші кезеңге енді әр топтан үздік 4 команда қатысады. Олар сегіз-сегізден Е, F тобына бірігіп Токио мен Нагойя қаласында жарысты одан ары жалғастырмақ. Қазақстан өз тобында үздік төрттікке ілінетін болса бұл сайыста F тобында өнер көрсетуге мүмкіндік алады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера