Армрестлинг пен гир көтеру спортынан Қазақстанның ашық кубогында Қырғызстан мен Өзбекстан спортшылары да жүлделі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Армрестлинг пен гир көтеру спортынан Қазақстанның ашық кубогында Қырғызстан мен Өзбекстан спортшылары да жүлделі болды

Армрестлинг пен гир көтеру спортынан Қазақстанның ашық кубогында Қырғызстан мен Өзбекстан спортшылары да жүлделі болды

Алматыда армрестлинг пен гир көтеру спортынан Қазақстанның ашық кубогы өз мәресіне жетті. Оған Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан 154 спортшы қатысты. Олардың 40-қа жуығы әйел, ал қалғаны ерлер болды. Аса тартысты өткен сында әйелдер арасындағы 5 салмақ дәрежесінде де жарыс қожайындарының мерейі үстем болды. Ал ерлер сайысында 8 салмақ дәрежесінің бесеуінде қазақстандықтар, үшеуінде қонақтар үздік шықты.

  • 2 Қараша 2010
  • 1057
Фото - Caravan.kz


«Онда жарыс қожайындарынан алматылық Станислав Моренков (78 кг), Валери Баранов (86 кг), Артем Золотов (86 кг), Руслан Ронерт (+105 кг) пен талғарлық Борис Габченко (105 кг) Кубок иесі атанды. Ал қонақтардан бұл мәртебеге өзбекстандық Шерздо Рахмонов (57 кг) пен Нодиржан Худайбердиев (70 кг) және қырғызстандық Константин Клейнер (63 кг) ие болды. Сондай-ақ абсоютті салмақ дәрежесінде оң қолмен күресуде алматылық Борис Габченко бірінші, талғарлық Валерий Баранов пен Артем Медведов 2-3 орынды бөлісті. Сол қолмен күресуде алматылық Руслан Ренерт пен Борис Габченко 1-2, ал оңтүстікқазақстандық Мұрат Қайырлин үшінші орынды иеленді», дейді Алматы облыстық армрестлинг және гир спорты федерациясының президенті Евгений Шамрай.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера