St.Petersburg Open-2010 турниріндегі жеңіс Қазақстан Теннис федерациясының жемісі - М. Кукушкин - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
St.Petersburg Open-2010 турниріндегі жеңіс Қазақстан Теннис федерациясының жемісі - М. Кукушкин

St.Petersburg Open-2010 турниріндегі жеңіс Қазақстан Теннис федерациясының жемісі - М. Кукушкин

Қазақстандық теннисші М.Кукушкин St.Petersburg Open-2010 турниріндегі жеңіс Қазақстан Теннис федерациясының жемісі деп отыр.

  • 2 Қараша 2010
  • 645
Фото - Caravan.kz

Бүгін баспасөз мәслихатында St.Petersburg Open-2010 турнирінің финалында ресейлік спортшы Михаил Южныйды жеңген Қазақстан теннисшісі Михаил Кукушкин өзінің мансабындағы ең ірі жеңісі үшін ең бірінші Қазақстан Теннис федерациясына риза екендігін айтты.

Осындан екі жыл бұрын Қазақстанның Теннис федерациясы Ресей теннисшісі М. Кукушкинге Қазақстан атынан жарыстарға қатысуға ұсыныс тастаған болатын. Содан бері М. Кукушкин Дэвис кубогі жолындағы жарыстарда еліміздің намысын қорғап, халықаралық белді турнирлерге Қазақстан теннисшісі ретінде қатысып жүр.

«Соңғы екі-үш жылда менің ойыным қатты өзгерді. Екі жыл бұрыңғы мені алып салыстыратын болсақ, мен рейтінгте 150-ші орында, төмен деңгейлі ойыншы ретінде тұралап қалып отырдым. Менде спорттық мағынада ары қарай дамуға жағдай болмай, тіпті мансабымның ары қарай қалай өрбитіндігін білмейтінмін», дейді М. Кукушкин.

«Екі жылда мен ойынның жоғары деңгейіне шығып өнер көрсете бастадым. Менің жаттығуым жөніндегі мәселелер түбегейлі шешілді. Бұрындары жаттығудың аздығынан мен екінші таймда қатты шаршап, әлімнің таусылуынан жеңісті матчты қолдан беріп қоятынмын. Содан бері мен әлдеқайда өстім. Бұның барлығы Қазақстан Теннис федерациясының арқасы», дейді ол.

Санкт-Петерборда қол жеткізген жеңісінен кейін Михаил Кукушкин әлемдік теннис дәреже сатысында жоғары көтеріліп, 58-ші орынға тұрақтады. Ол Астанада өтіп жатқан Challenger ATP PRESIDENTS CUP сериялы халықаралық турниріне қатысады. Егер осы жарыста жеңіске жетіп жатса, қазақстандық теннисші 50-ші орынға көтеріледі.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера