Алматыда Сергей Квочкин турнирі өз мәресіне жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Сергей Квочкин турнирі өз мәресіне жетті

Алматыда Сергей Квочкин турнирі өз мәресіне жетті

Кеше Алматыда 1997 жылғыларға дейінгі Сергей Квочкин атындағы жасөспірімдердің дәстүрлі республикалық «Күзгі демалыс - 2010» футбол турнирі өз мәресіне жетті.

  • 9 Қараша 2010
  • 568
Фото - Caravan.kz

Кеше ақтық сында алматылық «ЦЕСНА-97» және талдықорғандық «Жетісу» командалары кездесіп, ойын алматылықтар пайдасына шешілді. Сөйтіп, жалпы кестеде бірінші орында — «ЦЕСНА-97» (Алматы), екінші орында — «Жетісу» (Талдықорған), ал үшінші орынға қарағандылық «Шахтер» командасы табан тіреді. Онан кейінгі орындарға ДЮСШ (Қаратау), «Біздің компаниямыз» (Астана) және СДЮШОР № 2 (Алматы) командалары жайғасты. Ойындар «Цесна» стадионында өтті.

Ал барлық ойындар қорытындысы бойынша, «Үздік қақпашы» болып Подымский Данил (ЦЕСНА-97) танылса, «Үздік қорғаушы» — Ешібаев Нәуірбек (СДЮШОР №2), «Үздік жартылай қорғаушы» — Онанасюк Владислав (Шахтер), «Үздік шабуылшы» — Айбар Жаксылық (Жетісу) және «Үздік бомбардир» — Рашид Люхай (ЦЕСНА-97) болды. Рашидтің еншісінде — 5 доп.
Сергей Квочкин алматылық «Қайрат» пен өскемендік «Восток» командаларының құрамында өнер көрсеткен еді. КСРО жоғарғы лигасында 232 ойын өткізіп, 61 голдың иегері атанды. Сондай-ақ, ол 1962 жылы КСРО құрамасы сапында Латын Америкасы турнесіне аттанған болатын. Сол жолы әйгілі «Маракана» стадионында Бразилия қақпасына жеңіс добын соққан еді. Марқұм осыдан 3 жыл бұрын 69 жасында дүние салды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера