Астанада шорт-тректен ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының Ашық чемпионаты басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада шорт-тректен ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының Ашық чемпионаты басталды

Астанада шорт-тректен ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының Ашық чемпионаты басталды

Бүгін Астанада шорт-тректен ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының Ашық чемпионаты басталды.

  • 9 Қараша 2010
  • 502
Фото - Caravan.kz

Чемпионат 7-нші Қысқы Азия ойындарына қатыстырылатын жаңадан салынған Республикалық велотректі сынақтан өткізу және ойындарға спортшыларды іріктеу мақсатында ұйымдастырылып отыр.

«Үстіміздегі жылы қазақстандық спортшылар Канадада өткен Әлем кубогында 11, 13 және 14-ші орындарды иеленіп, үміт күттірерліктей нәтижелерді көрсетті. Сондықтан, шорт-тректен құрама командамыз 7-нші Қысқы Азия ойындарында жүлделі орындарға таласа алатындығына сенім бар», — дейді шорт-тректен Қазақстанның Ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Мәдіғали Қарсыбеков.
Шорт-трек бойынша ҚР Ашық чемпионатына республиканың барлық облыстары мен «Армияның орталық спорт клубынан» барлығы 70-ке жуық спортшы қатысады. Ұлттық құраманың негізін Батыс Қазақстан мен Қостанай облыстарының спортшылары құрайды.
Еске салайық, Азия ойындарын өткізу кезінде Республикалық велотрекке ұзаққа жүгіруге арналған мұзайдыны мен уақытша мұз корты орнатылады. Аталмыш кешенде шорт-трек және мәнерлеп сырғанау бойынша жарыстар өтеді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера