№12 және осы жерде орналсқан №8 мамандандырылған футбол мектебі оқушыларының иелігіне 40/60 метр көлемді жасанды газоны бар футбол алаңы берілді. Жас спортшыларға аталмыш сыйлықты «Богатырь Көмір» ЖШС мен «Екібастұз болашағы үшін» қоғамдық қозғалысы жасады. Жас футболшылар енді спорттық жарыстарды кез-келген уақытта өткізе алады.
Қайта жөндеуден өткізілгеннен кейін кеншілер мен энергетиктер қаласының бас кешені — «Жасыбай» барлық деңгейдегі кездесулер мен жарыстар өткізілетін орынға айналды.
Екібастұзда «Шахтер» орталық стадионы да белсенді пайдаланылуда, мұнда жуырда футболдан қала чемпионаты өткізілді. Жеңімпаз командалар қатарында жергілікті кәсіпорындарының «Тамыр», «Промсервис-Отан» командалары мен «Достық» спортшылары болды.