Гуанчжоу Азиада өткізуге дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Гуанчжоу Азиада өткізуге дайын

Гуанчжоу Азиада өткізуге дайын

Гуанчжоудағы 16-шы Азия ойындарына дайындық аяқталды. Бұл туралы сәрсенбі, 10 қарашада өткізілген баспасөз мәслихатында Азия ойындары ұйымдастыру комитетінің бас хатшысының орынбасары Сюй Жуйшэн хабарлады.

  • 11 Қараша 2010
  • 486
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, алты жыл қауырт жұмыстардан кейін 16-шы Азиадаға дайындық жұмыстары аяқталды. 53 спорттық нысан мен 17 тәуелсіз жаттығу орталығының тестілік сынақтары аяқталып, олар 5 қарашадан бастап ашылды.

Азия ойындарының алауы Бейжің, Харбин, Чанчун, Хайян мен Гуандун провинциясының 20 қаласына жасаған сапарынан кейін 5 қарашада Гуанчжоуға оралды.
Азия ойындары 12 қарашада бастау алады. 15 күн ішінде 45 азиялық елден келген 10126 спортшы 42 спорт түрінен сайысқа түседі. Қазақстан құрамасында жазғы спорттың 32 түрі бойынша өнер көрсететін 393 спортшы бар.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера