Қытайдың Гуанчжоу қаласында өтетін жазғы Азия ойындарына БҚО-дан 12 спортшы қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайдың Гуанчжоу қаласында өтетін жазғы Азия ойындарына БҚО-дан 12 спортшы қатысады

Қытайдың Гуанчжоу қаласында өтетін жазғы Азия ойындарына БҚО-дан 12 спортшы қатысады

Қытайдың Гуанчжоу қаласында 12-27 қараша аралығында өтетін он алтыншы жазғы Азия ойындарына БҚО-дан 12 спортшы қатысады.

  • 12 Қараша 2010
  • 558
Фото - Caravan.kz

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы оқу-спорт бөлімінің бастығы Тұрарбек Бекарыстановтың хабарлағанындай, шахматтан халықаралық гроссмейстер Мұртас Қажығалиев (жаттықтырушысы Александр Володин) сынға түспек. Мұртас — 2006 жылы Дохада өткен Азия ойындарының жеңімпазы. Еркін күрестен Бейжің олимпиадасының күміс жүлдегері Таймұраз Тигиев, Азия чемпионы Гузель Манюрова (екеуінің де бапкері — Мүсілім Оңдағанов), Мәскеуде өткен әлем біріншілігінің қола жүлдегері, М.Оңдағанов пен Бауыржан Нұрмұханов жаттықтыратын Абдулхаким Шәпиев додаға қосылмақ. Батысқазақстандықтар негізінен осы төртеуінен жүлде күтеді. Сондай-ақ байдарка мен каноэдан Алексей Дергунов (бапкері, әлем чемпионы Александр Акунишников), садақ атудан Анастасия Баннова (Виталий Шкоков), академиялық есуден Григорий Феклистов (Эдуард Лапшин), велосипед спортынан Евгений Сладков (Константин Толкачев), көгалдағы хоккейден Ғалия Байсарина, Виктория Шаймарданова, Ольга Жижина, Вера Домашнева (жаттықтырушысы Елена Бережная) жарыс алаңына шығады.

Жалпы, Азиадада Қазақстан атынан 341 спортшы 36 спорт түрі бойынша 245 медаль жиынтығын жеңіп алу үшін сайысқа түседі.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера