Қызылордалық спортшы елімізге Азиаданың алғашқы медалін алып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордалық спортшы елімізге Азиаданың алғашқы медалін алып берді

Қызылордалық спортшы елімізге Азиаданың алғашқы медалін алып берді

Қазіргі күндері Қытайдың Гуанчжоу қаласында өтіп жатқан XVI Азия ойындарында қызылордалық дзюдошы қыз Ғалия Өлментаева елімізге ең алғашқы медальді алып берді.

  • 15 Қараша 2010
  • 455
Фото - Caravan.kz

Татамиде 78 килоға дейінгі салмақта күш сынасқан ол алдымен моңғол қызы Лакматгал Пуревжаргалды ұтып, келесі шайқаста жапон Огата Акариге есе жіберіп алды. Сосын үшінші орын үшін таласта қырғыз құрбысы Динара Кахарованы тізе бүктіріп, қола медаль иегері атанды. Осыдан кейін оның жолын жалғастырған 78 килода ауыр салмақтағы командаласы Гүлжан Исанова да қола медаль алды. Ал жігіттер арасынан сол күні медальдің осындай түрін әлем чемпионы Максим Раков (100 килоға дейін) ортақ қоржынға қосты.

Азиаданың қола жүлдегері Ғалия Қайратқызы Өлментаева 1986 жылғы 29 қарашада Қызылорда облысы Жалағаш ауданының Қаракеткен ауылында туған. Спорт шебері. Ол — дзюдодан 2009 жылғы Әлем кубогының қола жүлдегері.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера