Гуанчжоуда өтіп жатқан XVI Азия ойындарында Қазақстан құрамасы жүлделер есебінде үш күміс және жеті қола медальға ие бола отырып, екі сатыға жоғарылады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Гуанчжоуда өтіп жатқан XVI Азия ойындарында Қазақстан құрамасы жүлделер есебінде үш күміс және жеті қола медальға ие бола отырып, екі сатыға жоғарылады

Гуанчжоуда өтіп жатқан XVI Азия ойындарында Қазақстан құрамасы жүлделер есебінде үш күміс және жеті қола медальға ие бола отырып, екі сатыға жоғарылады

Қазақстан құрамасы Гуанчжоуда өтіп жатқан XVI Азия ойындарында жүлделік есеп бойынша екі сатыға жоғарылап, 8-орынға шықты. Қазақстан жүлделер қоржынында үш күміс және жеті қола медаль бар.

  • 15 Қараша 2010
  • 642
Фото - Caravan.kz

Бүгін оқ ату сайысы бойынша дара санаттағы күміс медальды Юрий Мельситов пен Ольга Довгун тағынды. Командалық есепте Юрий Мельситов, Игорь Перикеев және Александр Ермаков Қазақстан құрамасына жетінші қола медаль әкелді.

Өткен сенбі, 13 қараша күні ерлер арасындағы 100 келіге дейінгі ауыр атлетика сайысында Максим Раков, 78 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әйелдер сайысы арасында Ғалия Өлментаева және 78 келіден жоғары салмақта Гүлжан Иссанова қола медальдарды жеңіп алды.

Жексенбі, 14 қараша күні ауыр атлеттар арасында 53 келі салмаққа дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медальға қазақстандық спортшы Зульфия Чиншанло ие болды. Дзюдо бойынша Ислам Бозбаев, триатлон сайысында Дмитрий Гааг және спорт билері бойынша Қазақстан командасы елімізге қола медальдармен оралатын болды.

Жалпыкомандалық бейресми есепте Қытай құрамасы алда келеді, олардың еншісінде 70 жүлде, оның 40-ы алтын. Екінші және үшінші орындарда Оңтүстік Корея мен Жапония елдері тұр.

XVI Азия ойындары 27 қарашаға дейін жалғасады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера