«Астана» велокомандасының 2011 жылғы жарыс маусымына арналған лицензияны алуы 20 қараша күні шешіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана» велокомандасының 2011 жылғы жарыс маусымына арналған лицензияны алуы 20 қараша күні шешіледі

«Астана» велокомандасының 2011 жылғы жарыс маусымына арналған лицензияны алуы 20 қараша күні шешіледі

«Астана» велокомандасының 2011 жылғы жарыс маусымына арналған лицензияны алу жайы 20 қараша күні шешіледі.

  • 15 Қараша 2010
  • 654
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Астанаға іссапармен келген команданың спорт директоры Джузеппе Мартинелли айтты.

БАҚ-тарда «Астана» командасы 2011 жылғы маусымның лицензиясы үшін төленетін қаражатты толығымен өтемеуіне байланысты лицензияға қол жеткізе алмауы мүмкін деген ақпарат тараған болатын.

Д. Мартинеллидің айтуынша, лицензия айналасындағы мәселе команданың қаржылық жағына еш қатысы жоқ. «Құжаттардың бірі бірнеше сағатқа кешігіп жетті. Енді ресми ақпараттар 20 қараша күні белгілі болады», дейді ол.

Қазақстандық ұжымның спорт директоры айтқанындай, сол күні лицензия жөніндегі жайт бір «Астана» үшін ғана емес, барлық командалар үшін де шешімін таппақ.

«Бүгінгі таңда тек 4 команданың қорытындылары белгілі. Қалған командалар 20 қарашада жауап алады», деп атап көрсетті Д. Мартинелли.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера