Алматыда бильярдтан «Air Astana Open - 2010» турнирі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бильярдтан «Air Astana Open - 2010» турнирі болды

Алматыда бильярдтан «Air Astana Open - 2010» турнирі болды

Сенбі күні «Бастау» бильярд клубында БАҚ өкілдері арасындағы «Air Astana Open - 2010» турнирі болып өтті.

  • 15 Қараша 2010
  • 570
Фото - Caravan.kz

«Эйр Астана» әуекомпаниясының ұйымдастыруымен өткен жарыста отандық 28 БАҚ өкілдерінің командалары бәсекеге түсті. Дүбірлі дода еліміздегі осы спорт түрін насихаттау және журналистер қауымның басын қосып, қарым-қатынасты нығайту мақсатында өткізілді.

Сайыс барысында ең мықты ойыншылар анықталып, олар ұйымдастырушы тіккен бағалы жүлделерге ие болды. Бірінші орынға Асыл Әбенов пен Абдухалил Жалилов құраған «Вечерний Алматы» газетінің тобы табан тіреді. 2 орын «Гала ТВ» командасына бұйырды. Ал 3 орынды «Қазақ әдебиеті» газеті иеленді. Жүлдегерлер дипломдармен және Кубоктармен марапатталды. «Эйр Астана» әуекомпаниясы 1 орынды алған ойыншыларға Алматы — Куала Лумпур — Алматы бағыты бойынша, 2 орын алғандарға Алматы — Санкт Петербор — Алматы бағыты және 3 орын алғандарға Алматы — Дели — Алматы бағытындағы эконом кластың 2 билетін тапсырды.

Сонымен қатар, турнирде қатарлас өткен «Air Astana Open 2010 ханымы» атағын «Қазақстан» арнасының өкілі Айгүл Ақсамбиева ұтып алды.
Жарысты бильярд спортының ҚР бас төрешісі, халықаралық санатының төрешісі Роман Бұзырқожаев басқарған 4 адамнан тұратын төрешілер алқасы жүргізді.
Естеріңізде сала кетейік, ұлттық әуе тасымалдаушы бильярдтан турнирді осымен екініші рет ұйымдастырып отыр. 2008 жылы өткен алғашқы жарыстағы 25 команда арасында «Қазақ әдебиеті» газетінің өкілдері Жанарбек Әшімжан мен Бақыт Беделхан топ жарған болатын.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера