Волейболдан Жоғарғы лиганың А тобындағы ерлер командалары арасында Қазақстан чемпионатының 1-тур ойындары аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 473.13
  • 554.08
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейболдан Жоғарғы лиганың А тобындағы ерлер командалары арасында Қазақстан чемпионатының 1-тур ойындары аяқталды

Волейболдан Жоғарғы лиганың А тобындағы ерлер командалары арасында Қазақстан чемпионатының 1-тур ойындары аяқталды

Алматыда волейболдан Жоғарғы лиганың А тобындағы ерлер командалары арасында XIX Қазақстан чемпионатының 1-тур ойындары өз мәресіне жетті.

  • 17 Қараша 2010
  • 420
Фото - Caravan.kz


9-15 қараша арасында өткен бұл додада Шымкент қаласының «ОҚМУ-Қазығұрт» 21 ұпаймен турнир кестесінде көш бастады. Олар 7 ойынның үшеуінде 3:0, төртеуінде 3:1 есебімен басым түсті. Ал шымкенттіктерге 3:0 есебімен ұтылып, өзге кездесуде мерейі үстем шыққан Астана қаласының «Ұшқын-Искра» командасы 17 ұпаймен 2-ші орында келе жатыр. Одан кейінгі сатыда қоржындарында 13 ұпайы бар Павлодар облысының «Ертіс» және Орал қаласының «Жайық-Конденсат» командалары жайғасқан. Ал турнир кестесіндегі 7-8 орындарды «Атырау-2» (2 ұпай) мен «ЦСКА-Алматы» (1 ұпай) волейболшылары түйіндеп тұр.