В тобында өнер көрсетіп жатқан Нелли Щербакова жаттықтыратын ұлттық құрама кеше Мальдивыдан келген құрдастарын 3:0 (25-7; 25-6; 25-3) есебімен ойсырата ұтты. Олар екінші ойынын бүгін енді Тайпей спортшыларымен өткізеді. Тайпейліктер кеше жапондықтарға (25-19; 17-25; 26-24; 17-25; 15-17) есе жіберген болатын. Ал мальдивылық волейболшылар енді кеше бір күндік үзіліс алған Үндістан құрамасымен кездеседі. Жалпы Азия ойындарының алғашқы кезеңі 22 қараша күні аяқталады. Бұл сыннан кейін 23-27 күндері негізгі сайыстарда командалар жүлделі орындарды сарапқа салатын болады.