Азия ойындарында қазақстандық волейболшы жігіттер 9-орын үшін Пәкістан құрамасымен сынға түседі - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азия ойындарында қазақстандық волейболшы жігіттер 9-орын үшін Пәкістан құрамасымен сынға түседі

Азия ойындарында қазақстандық волейболшы жігіттер 9-орын үшін Пәкістан құрамасымен сынға түседі

Қытайдың Гуанчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасы кеше 9-12 орындар үшін өткен жартылай финалда Тайпей спортшыларынан 3:2 есебімен басым түсті.

  • 22 Қараша 2010
  • 536
Фото - Caravan.kz


Бұған дейін олар алғашқы кезеңде өз топтарында 3-4 орын алған командалармен бірге бірге 9-16 орындар үшін өткен дәрежелік сайыстарда Кувейт (3:1) пен Мьянма (3:0) құрамаларынан басым түскен еді. Ертең енді Геннадий Паршиннің тәлімгерлері 9-орын үшін ақтық кездесуін пәкістандық құрдастарымен өткізбек. Ал алғашқы кезеңде өз топтарында 1-2 орын алған командалардың ақтық ойындары 24 қараша күні өтеді. Онда 13 қарашада жалауы көтерілген XVI Азия ойындарының жеңімпазы мен жүлдегерлері анықталады.