Алматыда өткен «С» тобындағы командалар арасындағы 2010/20101 жылғы УЕФА Кубогының элиталы кезеңінің соңғы шешуші матчында «Қайрат» Грузия чемпионы «Иберия Стар» командасымен 2:2 есебімен тең ойнады. Бұл нәтиже алматылықтардың УЕФА Кубогы үшін жарыста төртеудің финалына берілетін жолдаманы иеленуіне мүмкіндік берді. Себебі шешуші ойынға дейін «Қайрат» та, «Иберия Стар» да алғашқы екі матчта жеңіске жетіп, бірдей ұпай жинап, финалдық кезеңге шығу мүмкіндіктерін сақтап қалған. Тек соғылған және жіберіп алған голдардың көрсеткіштері бойынша «Қайраттың» жағдайы жақсы болды. Тең нәтиже «Қайраттың» финалдық кезеңіне өтуге мүмкіндік берді. Айта кетейік, «С» тобында сонымен қатар Словакияның «Слов-Матик» және Польшаның «Академия» командалары өнер көрсетті. «Қайрат» «Слов-Матикті» 3:1, ал «Академияны» 5:0 есебімен ұтты.
Естеріңізге салайық, «Қайрат» командасы 2008 жылы УЕФА Кубогының қола жүлдесін жеңіп алған болатын. Ал былтыр элиталы кезеңде «D»тобында сынға түұскен жерлестеріміз екінші орын алып, Еуропаның басты клубтық трофейі үшін болатын жарыстағы төрт мықты команданың қатарына өте алмады. Әзірбайжанның Баку қаласында болған элиталы кезеңнің матчтарында «Қайрат» «D» тобында жергілікті «Араз» командасына жол берген-ді.
Жалпы, УЕФА кубогы үшін жарыс төрт кезеңнен тұрады. Алдын ала кезеңде жарысқа 7 топқа бөлінген 28 команда қатысып, бұлардың жеңімпаздары негізгі кезеңге жолдама алады. Бұл кезеңде алты топқа бөлінген 24 команда шеберлік байқасады. Әр топтан үздік шыққан екі клуб элиталы кезеңге жолдама алады. Элиталы кезеңде командалар төрт топқа бөлінеді. Әр топтан үздің шыққан клубтар ғана УЕФА кубогы үшін жарыстың төрт команданың қатысуымен өтетін финалдық кезеңіне жолдама алады.