Алғашқы кезеңде өз тобында 3-4 орын алған командалар арасында 9-16 орындар үшін негізгі сайыста олар Кувейт (3:1), Мьянма (3:0), Тайпей (3:2) және Пәкістан (3:0) құрамаларынан басым түсті. 13 қараша күні басталған бұл доданың жүлделі орындары 26 қарашада сарапқа салынады.
Жалпы Азия ойындарына биыл құрлықтың 18 мемлекетінен командалар қатысқан болатын. Геннадий Паршиннің тәлімгерлері алғашқы кезеңде Оңтүстік Корея, Вьетнам мен Үндістан құрамаларымен бірге B тобында бақ сныады. Қытай, Тайпей, Таиланд, Пәкістан — А тобында, Сауд Аравиясы, Иран, Индонезия, Түрікменстан, Моңғолия — С тобында, ал Катар, Жапония, Мьянма, Кувейт және Гонконг Д тобында өнер көрсетті.