Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев (69 кг), Иван Дычко (91 кг), Біржан Жақұпов (49 кг), Данияр Елеусінов (69 кг) тамаша өнер көрсетіп, ақтық сынға жолдама алды.
25 және 26 қараша күндері біздің спортшыларымыз Азия ойныдарының алтыны үшін күш сынасатын бокстан жарыстар өтеді.
Тағы бір жерлесіміз Данабек Сужанов жартылай финалда өзбек боксшысынан 5:9 есебімен жеңіліп қалып, қола жүлдеге ие болды.
Қазақстан құрамасы олимпиада сатысында 9 орында тұр. Ел қоржынында 52 медаль, соның ішінде 7 алтын, 14 күміс және 31 қола жүлде бар.