Қазақстандық жағажай волейболшылары Азия ойындарында 4-орын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық жағажай волейболшылары Азия ойындарында 4-орын алды

Қазақстандық жағажай волейболшылары Азия ойындарында 4-орын алды

Қытайдың Гуандчжоу қаласында XVI Азия ойындарында жағажай волейболының ақтық кездесулері өтті.

  • 25 Қараша 2010
  • 496
Фото - Caravan.kz

Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов жұбы 3-орын үшін болған сайыста жапондық Кентаро Асахи мен Катсухиро Ширатори жұбына 0-2 (14-21, 10-21) есебімен есе жіберді. Ал жартылай сында Дмитрий мен Алексейді қапы қалдырған Ву Линин — Ву Пенгген (Xu Linyin-Wu Penggen) жұбы Азия чемпионы атанды. Олар ақтық сында ширек финалда Александр Дьяченко мен Алексей Сидоренко жұбын 2:1 есебімен ұтқан командалас серіктері Гао Пенг пен Ли Жианнан басым түсті.

15 қарашада басталған бұл дүбірлі додада Дмитрий Яковлев-Алексей Кулешов жұбы алғашқы кезеңде үндістандық Киран Кумар Меда мен Каси Висванадханы 2:1, камбоджалық Мон Ром мен Нгет Сотеаритты 2-0 (21-14 21-12) етіп ұтқан еді. Ал негізгі кезеңде 1/16 сында индонезиялық Диан-Кандран, ирандық Фаррохи-Салах жұбын ойсырата жеңген болатын.