Оны ұйымдастырған «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты, «Заңғар» шығармашылық бірлестігі. Бұл шараға Алматы әкімшілігі, қалалық таэквондо федерациясы, «Тарнадо» таэквондо спорт клубы, Қазақ қатынас жолдар университеті мен » Қаламгер азамат» жас журналистер қоғамдық қоры қолдау көрсетіп отыр.
«Оқушылар сарайының спорт кешенінде өтіп жатқан бұл байрақты бәсекеге еліміздің түкпір-түкпірінен командалар келді. 7 мен 17 жас аралығындағы 250 спортшы онда жас ерекшелігі бойынша 5 топқа бөлініп, өзара күш сынасуда. 6-7 салмақ дәрежесі бойынша өтіп жатқан бұл турнирдің ақтық сайыстары 26 қараша күні өтеді», дейді «Алаш айнасы» газеті спорт бөлімінің редакторы Нұрғазы Сасаев.