Қазақстанның классикалық музыка шеберлері АҚШ Конгресінің Кітапханасында өнер көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның классикалық музыка шеберлері АҚШ Конгресінің Кітапханасында өнер көрсетті

Қазақстанның классикалық музыка шеберлері АҚШ Конгресінің Кітапханасында өнер көрсетті

Ағымдағы жылдың сәуір айында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа жасаған сапары барысында ашылған Вашингтондағы қазақ мәдениет байқауы аясында әлемге әйгілі АҚШ Конгресі Кітапханасының концерттік залында 23 қараша күні скрипка ойнаудың майталманы Айман Мұсаходжаева мен пианинашы Әмір Тебенихин өнер көрсетті.

  • 26 Қараша 2010
  • 768
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы АҚШ-тағы ҚР елшігінің таратқан баспасөз хабарламасында айтылған.

Концертті АҚШ-тағы ҚР елшісі Ерлан Ыдырысов ашып, жиналған қауымға қазақ өнер жұлдыздарының концертін таныстырды. Ол ел туралы көп мәлімет алуға мүмкіндік беретін осындай мәдени іс-шаралардың маңыздылығына тоқталды.

Қазақ музыканттары әлемдік классиканың тамаша туындыларын орындап, америка жұртшылығы үшін қазақ музыкасының баға жетпес қазыналары Нұрғиса Тлендиевтің «Аққуы» мен Нағима Меңдіғалиеваның «Домбыра туралы аңызын» ортаға салды.

Перейти к новостям спорта