«Нұр Отан» ХДП Тереңөзек кентінде қылқалам шеберлерінің конкурсын өткізді - Қызылорда облысы - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Нұр Отан» ХДП Тереңөзек кентінде қылқалам шеберлерінің конкурсын өткізді - Қызылорда облысы

«Нұр Отан» ХДП Тереңөзек кентінде қылқалам шеберлерінің конкурсын өткізді - Қызылорда облысы

«Отан» ХДП Сырдария аудандық филиалының бастамасымен Тереңөзек кентіндегі мәдениет үйінде қылқалам шеберлерінің конкурсы болып өтті. Ол «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күшімізді біріктірейік» тақырыбы бойынша ұйымдастырылды.

  • 29 Қараша 2010
  • 505
Фото - Caravan.kz

Нәтижесінде тақырыпты барынша тереңірек ашқан талапкерлердің есімдері анықталды. Қазылар алқасы И.Тоқтыбаев атындағы №35 мектеп суретшілерінің еңбектерін ерекше атап өтті. Мектеп мұғалімі Зәуре Білісбаева бірінші, оқушылар Азамат Исмағұлов екінші, Әкежан Астраханов үшінші орындарды жеңіп алды. Бұлардан басқа №36 мектептен Аружан Тәжімұратова, №44 мектеп оқушысы Бибіанар Жағыпарова және №210 мектептен Зарина Әбілдаеваның өнерлері жақсы бағаланды. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды.