Паралимпиадалық Азиада қарсаңындағы соңғы дайындықтар өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Паралимпиадалық Азиада қарсаңындағы соңғы дайындықтар өтуде

Паралимпиадалық Азиада қарсаңындағы соңғы дайындықтар өтуде

Астана, Қарағанды қалалары мен Алматы облысының мүмкіндіктері шектеулі үздік спортшылары Павлодарда үстел теннисінен өткен турнирге қатысты.

  • 30 Қараша 2010
  • 475
Фото - Caravan.kz

Өткен демалыс күндері Мойылды шипажайында теннисшілер Қытайдың Гуанчжоу қаласында басталатын Паралимпиадалық Азиада қарсаңындағы соңғы дайындықтарын өткізді, — деп хабарлады мүгедектердің облыстық қоғамдық ұйымының төрағасы, республикалық құраманың мүшесі Георгий Четвериков. Оның айтуынша, Мойылдыда теннистен республикалық турнир алғаш рет өткізіліп отыр.

— Біз бұл шараны ілкі жоба ретінде қарастырып отырмыз, мүмкіндіктері шектеулі теннисшілердің мұндай жарысын алдағы уақытта дәстүрге айналдырмақпыз, — дейді Г.Четвериков.

«Мұнда мүгедек спортшыларға жақсы жағдай жасалған. Таза ауа, шипалы балшық, жайлы палаталар, қоларбамен жүретіндерге арнайы жасалған жағдайлар, үлкен спорт залы, бәрі-бәрі бар. Біз Азиада қарсаңында жақсы дайындық өткіздік, елімізді жаңа жетістіктермен қуантуға тырысатын боламыз», — деді турнирге қатысушылар.