Хоккейші өткен маусымды словениялық «Есеницада» бастап, кейін түменнің «Газовигіне» ауысқан болатын. Бұл туралы өскемендік хоккей клубының баспасөз қызметінен хабарлады.
Түменнен кейін форвард Қарағандыға қоныс тепсе, енді міне ол туған қаласына қайта оралып отыр. Маусымның соңына дейін келісімшартқа отырған А.Трощинский Өскеменде №88 нөмірмен өнер көрсететін болады.