Оралда белгілі балуан-бапкер С.Мұқашевке құрмет көрсетілді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда белгілі балуан-бапкер С.Мұқашевке құрмет көрсетілді

Оралда белгілі балуан-бапкер С.Мұқашевке құрмет көрсетілді

Орал қаласында белгілі балуан-бапкер Сайлау Мұқашевтің жүлдесі үшін еркін күрестен жасөспірімдер арасында ашық турнир мәреге жетті.

  • 2 Желтоқсан 2010
  • 668
Фото - Caravan.kz

С.Мұқашевтің 60 жасқа толуына арналған жарысқа Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Самара облыстарынан 17 команда құрамында 200-дей спортшы қатысып, 14 салмақ дәрежесінде күш сынасты. Жалпыкомандалық есепте БҚО құрамасы жеңімпаз атанса, ақтөбеліктер — екінші, маңғыстаулықтар үшінші орынды еншіледі.

Сайлау Мұқашев — еркін күрестен КСРО спорт шебері. Кезінде КСРО біріншілігінің жүлдегері атанып, ел құрамасына алынған. Сондай-ақ Әли Әлиевтің жүлдесі үшін ірі халықаралық жарыста екі мәрте топ жарса да, сол кездегі солақай саясаттың кесірінен Еуропа, әлем чемпионаттарына қатыса алған жоқ. Күресті қойғаннан кейін Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтында оқытушылықпен айналысқан С.Мұқашев Бауыржан Нұрмаханов (қазір еркін күрестен Қазақстан құрамасының аға бапкері), Талғат Сидық (бүгінде Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары) сынды спорт шеберлерін тәрбиелеп шығарды. «Кезінде Әбілсейіт Айханов, Аманжол Бұғыбаевтармен бірге жүріп, қанша мықты саналсақ та, әлемдік жарыстарға бізден жеңілгендер баратын. Қазіргі балуандар бақытты ғой, бірден әлемдік аренаға шыға алады. Дегенмен мені ұмытпайтын елім, адал шәкірттерім бар. Жыл сайын турнир өткізіліп тұрады. Биыл да жарыс ұйымдастырып, иығыма шапан жауып, құрмет көрсетіп жатыр, осының өзіне рахмет», деді С.Мұқашев.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера