Алматы УЕФА Кубогінің ақтық ойынын өткізуге үміткер - мини-футбол - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы УЕФА Кубогінің ақтық ойынын өткізуге үміткер - мини-футбол

Алматы УЕФА Кубогінің ақтық ойынын өткізуге үміткер - мини-футбол

Алматы қаласы мини-футболдан УЕФА Кубогінің ақтық ойынын өткізуге өтініш берді.

  • 2 Желтоқсан 2010
  • 564
Фото - Caravan.kz

Оған соңғы элиттік раундты өткізуінен кейінгі Алматының мүмкіндіктерін батыс еуропалық мамандардың жоғары бағалауы себеп болып отыр.

Айта кетейік, қазіргі жартылай финалда «Қайратпен» бірге португалдық «Спортинг», италияндық «Монтесильвано» УЕФА Кубогінің қазіргі иесі «Бенфика» клубы ойнайды.

Алматыдан басқа, ақтық ойынды өткізуге Лиссабон және италиялық Монтесильвано қалашығы да өтініш берген. Алматылық клуб басшыларының пікірінше, былтырғы финал Лиссабонда өткендіктен, 2 жыл қатарынан бір қалада өтпеуі мүмкін. Ал 50 мың тұрғыны бар Монтесильвано қалашығына ақтық ойын өткізу сай емес. Осы орайда Алматының мүмкіндігі жоғары болып отыр.

Сонымен, ақтық ойын өтетін қала кіргелі отырған жылдың 11 қаңтарында белгілі болады. Ал ойынның өзі сәуір айында өтеді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера