Жоғары лиганың Б тобындағы ерлер командалары арасында волейболдан Қазақстан чемпионатының 2-туры өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+3 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жоғары лиганың Б тобындағы ерлер командалары арасында волейболдан Қазақстан чемпионатының 2-туры өтеді

Жоғары лиганың Б тобындағы ерлер командалары арасында волейболдан Қазақстан чемпионатының 2-туры өтеді

Өскеменде 4-10 желтоқсан күндері Денешынықтыру-сауықтыру кешенінде волейболдан Жоғары лиганың Б тобындағы ерлер командалары арасында XIX Қазақстан чемпионатының 2-туры болады. Оған Тараз, Семей, Өскемен, Қызылорда, Теміртау, Хромтау, Астана жән Қостанай қалаларының волейболшылары қатыспақ.

  • 3 Желтоқсан 2010
  • 548
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін 1-тур ойындары 11-17 қараша күндері Тараз мемлекеттік университетінің спорт кешенінде өткен болатын. Онда жарыс қожайындарының «Тараз — ТарГУ» командасы 19 ұпаймен турнир кестесінде үздік шықты. Одан бір ұпайы кем «Семейліктер» екінші, Өскеменнің «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс-2» командасы (15 ұпай) үшінші орын алды. Ал барлық кездесуді жеңіліспен аяқтап, қоржынына бірде-бір ұпай сала алмаған қостанайлық «КИнЭУ» көш соңында қалып қойды. Олар енді 2-турдың алғашқы ойынын жарыс қожайындарымен өткізетін болады. Одан кейін алаңға «Тараз-ТарГу» мен «Астана», «Қорқыт Ата-КМУ», «ВСМК Арселормиттал», Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс 2″ мен «Қазхром 2» командалары шығады.