Шымкентте футбол арбитрлары курсы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+3 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте футбол арбитрлары курсы ашылды

Шымкентте футбол арбитрлары курсы ашылды

Белгілі спортшы Евгений Шкарин Шымкентте футбол арбитрлеріне арналған курстар ашты.

  • 3 Желтоқсан 2010
  • 519
Фото - Caravan.kz

Курстардың тыңдаушылары жас футболшылар. Евгений Шкариннің пікірінше, ойын тәжірибесі болашақ төрешілерге өз міндеттеріне жауапты қарауға мүмкіндік береді. «Төреші жұмысы тек сырт көзге ғана оңай. Бірқатар ел: төреші алаңға шығып, әрлі-берлі жүгіріп жүрді деп ойлайды. Шындығында ол күш-қуаты мықты және психологиялық тұрғыдан орнықты болуы керек. Психикаға ойыншылардан да, жанкүйерлерден де көп қысым түседі», — деп түсіндіреді футбол судьясының жұмыс жағдайын Е.Шкарин.

Қазіргі күні арбитрлер мектебінің партасында 36 спортшы отыр. Тәлімгер оларға теория мен тәжірибеден дәрістер оқуда.