Волейболдан әйелдер командалары арасындағы ел чемпионатының 2-турында барлық ойында бірдей есептер тіркелуде - kaz.caravan.kz
  • $ 476.97
  • 562.59
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейболдан әйелдер командалары арасындағы ел чемпионатының 2-турында барлық ойында бірдей есептер тіркелуде

Волейболдан әйелдер командалары арасындағы ел чемпионатының 2-турында барлық ойында бірдей есептер тіркелуде

Алматыдағы Октябрь Жарылғапов атындағы спорт кешенінде волейболдан жоғары лигадағы әйелдер командалары арасында XIX Қазақстан чемпионатының 2-туры өтіп жатыр.

  • 6 Желтоқсан 2010
  • 485
Фото - Caravan.kz


3 желтоқсан күні басталған бұл додада алғашқы үш күнде барлық кездесулер 3:0 есебімен аяқталды. Онда әзірге Өскеменнің «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс», Қостанайдың «Иволга», Теміртаудың «Спартак АМТ» және Алматының «Алматы-ЦСКА» командалары жеңіліссіз келе жатыр. Бұл байрақты бәсеке сәрсенбі күні аяқталады. Жалпы 11-16 қараша күндері Теміртауда болған алғашқы турда алматылықтар төртінші орынға табан тіреген еді. Онда үздік үштікке «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс», «Спартак АМТ» мен «Иволга» енген болатын.