Астанада жас орындаушылардың «Астана-Мерей» VI халықаралық байқауы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жас орындаушылардың «Астана-Мерей» VI халықаралық байқауы басталды

Астанада жас орындаушылардың «Астана-Мерей» VI халықаралық байқауы басталды

Бүгін Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде жас орындаушылардың «Астана-Мерей» VI халықаралық байқауы басталды.

  • 7 Желтоқсан 2010
  • 537
Фото - Caravan.kz

Төрт күнге жалғасатын байқауға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және Қытай елдерінен 10-16 жас аралығындағы барлығы 143 музыкант қатысуда. Олар үш аталым бойынша өнер көрсетеді: фортепиано (74 қатысушы), скрипка (43) және виолончель (26). Байқаушылар жас ерекшеліктеріне байланысты үшке бөлінді — 10 жасқа дейін, 13 және 16 жасқа дейінгі топтар.

Музыка өнерінің хас шеберлерінен құралған қазылар алқасының төрайымдары Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева мен «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Тілдәш Битуова журналистерге берген баспасөз мәслихатында дәстүрлі халықаралық байқаудың басты мақсаты — музыка өнері саласындағы дарынды балаларды анықтау, оларды қолдау және кәсіптік бағдар беру, қазақстандағы ұлттық мәдениетті дамыту, әлемдік және отандық мәдениеттің ең үздік үлгілерін насихаттау, сондай-ақ жас музыканттардың достық қарым-қатынастарын нығайту екендігін атап өтті.

Жүлдегерлер мен жеңімпаздар 10 желтоқсан күні Қазақ Ұлттық өнер университетінің Орган залында марапатталады.

Перейти к новостям спорта