Қорғаныс министрі биылғы жарыстардың, соның ішінде XVI жазғы Азия ойындарының жүлдегерлерін марапаттайды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қорғаныс министрі биылғы жарыстардың, соның ішінде XVI жазғы Азия ойындарының жүлдегерлерін марапаттайды

Қорғаныс министрі биылғы жарыстардың, соның ішінде XVI жазғы Азия ойындарының жүлдегерлерін марапаттайды

ҚР Қоғаныс министрі Гуанджоудағы XVI жазғы Азия ойындарынан және жалпы 2010 жылы спорттық жарыстарда жүлделерге ие болған әскери спортшыларды кезекті офицерлік шендермен, ордендермен және медальдармен марапаттайды.

  • 7 Желтоқсан 2010
  • 606
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін «Астана-Арена» стадионында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы — Орталық әскери спорт клубының (ОӘСК) бастығы Ерлан Таласбаев айтты.

Е.Таласбаев атап көрсеткендей, бұл байрақты бәсекеде Қазақстанның Ұлттық құрамасы атынан өнер көрсеткен спортшылардың 67-сін немесе 20 пайызын ОӘСК-ның мүшелері құрады. Қазақстанның қоржынына түскен медальдардың 37 пайызының немесе 29-ын әскери-спортшылар жеңіп алды. Атап айтқанда, 6 — алтын, 13 — күміс және 10 қола жүлде.

«Қазір Қорғаныс министрлігі басшылығының бұйрығы бойынша, 2010 жылы алтын медальдарға ие болған барлық спортшылардың тізімі жасалды. Оларды 21 желтоқсан күні министр қабылдап, тиісті наградалар мен басқа да көтермелеу сыйлықтарды табыс ететін болады», — деді ол.

Е.Таласбаев салтанатты рәсімнің барлық құпиясын ашқысы келмегенімен, онда кезектен тыс әскери шендер, ордендер мен медальдар, сыйақылар мен кәдесыйлар берілетіндігін айтты.

XVI жазғы Азия ойындарынан өз ойымен бөліскен былғары қолғап шебері, алтын медаль иегері Серік Сәпиев: «Боксшыларымызға төрешілер тарапынан әділетсіздіктер көрсетілген кездер болды, бірақ өзіме қатысты оны айта алмаймын», — деді. Қарулы Күштер құрамында 5 жыл еңбек өтілі бар аға лейтенант С.Сәпиев қызметін алдағы уақытта да жалғастыратынын жеткізді. Оның таяу болашақтағы мақсаты — 2012 жылдың қараша айында Әзірбайжанда өтетін Әлем чемпионатынан абыроймен оралу.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера