Азия Олимпиадалық кеңесі 7-нші қысқы Азия ойындарының Алауы тұтандырылатын орынды бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азия Олимпиадалық кеңесі 7-нші қысқы Азия ойындарының Алауы тұтандырылатын орынды бекітті

Азия Олимпиадалық кеңесі 7-нші қысқы Азия ойындарының Алауы тұтандырылатын орынды бекітті

Азия Олимпиадалық кеңесі (АОК) 7-нші қысқы Азия ойындарының Алауы салтанатты түрде тұтандырылатын орынды бекітті.

  • 8 Желтоқсан 2010
  • 486
Фото - Caravan.kz

Бұл — Әл-Куәйт қаласында орналасқан «Кувейт-Тауэрс» мұнараларының алаңы.

Бұған дейін хабарланғандай, Қысқы Азия ойындарының шежіресінде алғаш ұйымдастырылғалы отырған Алау эстафетасы 2011 жылдың 11 қаңтарында АОК-ның штаб-пәтері орналасқан Әл-Куәйт қаласында бастау алады. Айта кетейік, бұған дейін Алауды тұтандыру рәсімі ойынды қабылдаушы елде өткізіліп келді. Ал 2011 жылғы Азиададан кейін Алауды тұтандыру дәстүрі Азия олимпиадалық қозғалысының отанында қалыптасатын болады.

Азия ойындарын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Астана қалалық дирекциясынан мәлім еткендей, АОК қазақстандық Азиаданың Алауын Әл-Куәйт қаласында орналасқан «Кувейт-Тауэрс» мұнараларының алаңында тұтандыру шешімін қабылдады. Себебі «Кувейт-Тауэрс» мұнаралары тек Куәйттің нышаны ғана емес, олар сондай-ақ Астана мен Куәйтті жалғастырушы нысандар болып табылады. Ғимараттардың сәулеттік дизайны Астанадағы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі орналасқан ғимараттың көшірмесі деп айтуға болады. Бұл ғимараттардың суретін әрбір қазақстандық 500 теңгелік купюралардан да көре алады.

«Алауды тұтандыру салтанаты туралы барлық құпияны аша алмаймыз. Рәсім басынан-аяғына дейін орталық телеарналардан тікелей эфир арқылы көрсетіледі. Көрермендердің қызығушылығын арттыра түсу үшін, рәсім әсерлі шоу-бағдарламамен сүйемелденетіндігін айта аламын», — деді Астана қалалық дирекциясының директоры Наиль Нұров.

12 қаңтар күні Алау Қазақстанға жеткізіліп, өңірлер бойынша 20 күн саяхаттайды. Оның соңғы нүктесі (30 қаңтар) Ойындардың салтанатты ашылу рәсімі өтетін — «Астана -Арена» стадионы.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера