Алматыда Алексей Мельниковтің фотокөрмесі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Алексей Мельниковтің фотокөрмесі ашылды

Алматыда Алексей Мельниковтің фотокөрмесі ашылды

Бүгін Алматыда фотосуретші Алексей Мельниковтің «Сұлулық әлемі» атты фотокөрмесі ашылды.

  • 8 Желтоқсан 2010
  • 605
Фото - Caravan.kz

Фотосурет түсіру өнері 30 жасар алматылық жігіттің қарбаласқа толы өмірінің бөлінбес бір бөлігіне айналған іспетті. Оның шығармашылығында тау туризмі, ақпараттық технология, тіпті орман өсіру тақырыптары да көрініс тапқан.

«Бүгінгі көрмемде сырға толы табиғаттың көркем жерлері мен жан-жануарлар суреттері қойылған. Бұл арқылы жұртшылыққа табиғаттың адамдардың әсерінсіз, тек қаз қалпында болған кезде ғана әдемі болатынын жеткізгім келді», — дейді Алексей Мельников.

24 желтоқсанға дейін жалғасатын көрмеге А. Мельниковтың 2004 жылдан бері түсірген 200 туындысы қойылған.

«Осыннан алматылықтардың жанына жақын Медеу, Іле, Түрген шатқалын фотосуретшінің өзіндік сипатымен көре аласыз. Жұмыстардың «Өрік түсі — шығыс көктемі шырыны түсі», «Шүйке бұлттар», «Жарық пен шыршалар үндесуі» сынды атаулары да романтика мен нәзік сезім бояуларына толы. Сонымен қатар мұндағы фотосуреттер табиғатты одан әрі аялай түсуге шақырады», — деп атап өтті өз сөзінде ҚР Мемлекеттік Орталық мұражайының қызметкері Әсел Белібаева

Фотокөрменің бір ерекшелігі, мұнда қойылған фотосуреттердің барлығы үлкен форматта шығарылған.

Перейти к новостям спорта