Алматыда «Заманауи Германия» атты көрме ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда «Заманауи Германия» атты көрме ашылды

Алматыда «Заманауи Германия» атты көрме ашылды

Бүгін Орталық көрме залында ашылған көрмеге заманауи Германия өмірінен хабар беретін 14 қабырға суретімен бірге басқа да туындылар қойылды.

  • 8 Желтоқсан 2010
  • 666
Фото - Caravan.kz

Аталмыш көрме Германияның Қазақстандағы жылы аясында ұйымдастырылып отырған соңғы шаралардың бірі. Көшпелі көрме жыл басында Астанада басталып, Қазақстанның барлық облыс орталықтарын аралады. Енді міне «Заманауи Германияның» ақырғы нүктесі — Алматы болып отыр.

Көрмені салтанатты түрде ашқан Германияның Алматыдағы Бас консулы Герольд Амелунг мұнда басты 2 мәселе қарастырылғанын атап өтті. «Біріншіден, Германияның ғылым-білімі, өндірісі, қоғамдық өмірі баяндалса, екіншіден, мәдениеті мен қонақжайлылығы көрсетілген. Жалпы, жыл басынан бері түрлі экономикалық форумдар, жастармен жүргізілген жұмыстар және басқалар халықтың Германияға деген оңды көрқарасын қалыптастырды деген ойдамын», — деді Г. Амелунг.

Көрме 2011 жылғы 4 қаңтарға дейін жалғасады.

Перейти к новостям спорта