Кітапханада өткен көрме «Туған ел - тұнған шежіре» деп аталды - Қызылорда - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кітапханада өткен көрме «Туған ел - тұнған шежіре» деп аталды - Қызылорда

Кітапханада өткен көрме «Туған ел - тұнған шежіре» деп аталды - Қызылорда

Қызылорда облыстық Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында Тәуелсіздік күніне орай өткізілген кітап көрмесі «Туған ел - тұнған шежіре» деп аталды.

  • 9 Желтоқсан 2010
  • 1074
Фото - Caravan.kz


Көрме оқырмандар­ды егемен еліміз тарихымен кеңінен таныстыру, жастардың бойында отансүй­гіштік қасиетті арттыру мақсатын көздеді. Ол үш бөлімнен құралды. Бірінші бөлімінде ғасырлар тоғы­сындағы Қазақстанның даму кезең­дері туралы сыр шертіледі. Онда Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы», «Тарих толқынында», «Бейбітшілік кіндігі» атты кітаптарымен қатар ҚР Конституциясы, «Жеті жарғы», «Тарихи тұлғалар», «Қазақстан мемле­кеттілігінің кезеңі» атты бірқатар кітаптар орын алған. Екінші бөлім «Желтоқсан — сана серпілісі» деп аталады. Бұл тарауда Желтоқсан оқиғасы туралы жазылған еңбектер мен мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалар бар. Соңғы бөлім «Қазақстан Республикасы — тәуелсіз демокра­тиялық және құқықтық мем­лекет» деген атаумене тәуелсіз еліміздің даму жолдары мен алдағы мақсат-міндеттерін баян­дайтын әдебиеттерге жол ашқан.

Перейти к новостям спорта