Көлеңке Ғұбашев жаттықтыратын батысқазақстандық қыздар Қостанайдың «Иволга» командасынан ғана ұтылды. Қалған кездесулерінің бәрінде жеңіске жетті. Атап айтқанда, Павлодардың «Казхромын» 3:0, Шымкенттің «Қазығұртын» 3:0, «Астана-2» командасын 3:1, Алматы облысының «Жетісу-2»-сін 3:0, «Қарағанды-2»-ні 3:2 есебімен ұтты.
Қазір «Грация-KZ» 23 ұпаймен бұрынғысынша бесінші орында келеді. Жоғары лигада Өскеменнің «ШығысСвинецСтрой» командасы 33 ұпаймен көш басында тұр.