Волейболдан Жоғары лиганың Б тобындағы ерлер командалары арасында көшбасшылар ауысты - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+3 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейболдан Жоғары лиганың Б тобындағы ерлер командалары арасында көшбасшылар ауысты

Волейболдан Жоғары лиганың Б тобындағы ерлер командалары арасында көшбасшылар ауысты

Желтоқсанның 4-10 күндері Өскеменде өткен Жоғары лиганың Б тобындағы ерлер командалары арасындағы XIX Қазақстан чемпионатының 2-турында семейліктер турнир кестесінде 39 ұпаймен көш бастады.

  • 13 Желтоқсан 2010
  • 491
Фото - Caravan.kz

Жарыс қожайындары «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс-2» 32 ұпаймен екінші, ал тараздық «Тараз-ТарМУ» 30 ұпаймен үшінші орын алды. Ал турнир кестесіндегі 8-орынды 2 ұпаймен Қостанайдың «КИнЭУ» командасы түйіндеді. Алғашқы турда олар бірде-бір ұпай ала алмаған еді. Таразда өткен бұл сында «Тараз-ТарМУ» 19 ұпаймен үздік шықса, «Семей» (18 ұпай) мен «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс-2» (15 ұпай) 2-3 орынды бөліскен болатын.

Бұл жолы өткенде 4-орын алған «Қызылорданың «Қорқыт-Ата КМ» мен 6-шы орын алған Хромтаудың «ТНК Қазхром-2» командалары өз орындарын ауыстырса, теміртаудың «ВСМК АрселорМитталі» (5 орын), астаналық «Астана» (7 орын), қостанайлық «КинЭУ (8 орын) командалары өз көрсеткіштерін жақсарта алмады.