«Алтын Гергий» кинофестивалінің қазылар алқасының төрағасы Украинаның халық әртісі Григорий Кохан фильмді «замануи әрі классикалық кеңестік фильмдерінің бір арнаға тоғысуы» деп бағалады.
«Ең үздік ерекше сценарий» номинациясы бойынша Бас жүлде және атаулы диплом «Афалинаның секірісі» фильмінің сценарий авторы Әділбек Жақсыбековке бұйырды. Әділбек Жақсыбеков фильмнің басты мақсаттарының бірі «құқық қорғау органдарының имиджін көтеріп, беделін асқақтату» екендігін ерекше атап өтті.
Еске сала кетсек, 2010 жылдың сәуір айында «Афалина секірісі» фильмі Мәскеуде өткен детективті фильмдерінің DetectiveFest XII Халықаралық кинофестивалінің («Заң және қоғам») «Үздік детективті көркем фильм» номинациясының Бас жүлдесіне ие болған еді.
«Алтын Георгий» Халықаралық кинофестивалі Халықаралық полиция ассоцияциясының Украиндық секциясының және Халықаралық «Алтын Георгий» продюсерлік орталығының бірлескен жобасы. Байқаудың бағдарламалық бағыты — қоғамның құқық қорғау мекемелерімен қарым-қатынасы және халық алдында құқық қорғау мекеме қызметкерлерінің жағымды кейпін кино және телерадиохабарлар арқылы қалыптастыру.