Республикалық айтыстың жеңімпаздары анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.34
  • 564.45
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республикалық айтыстың жеңімпаздары анықталды

Республикалық айтыстың жеңімпаздары анықталды

Кеше, желтоқсанның 13-і күні Астанадағы Конгресс-холл сарайында «Тәуелсіздік тағылымы» атты республикалық айтыстың ақтық сындары өтіп, үш күнге созылған дүбірлі доданың жеңімпаздары анықталды.

  • 14 Желтоқсан 2010
  • 495
Фото - Caravan.kz

Қызықты да тартымды өткен айтыстың нәтижесі бойынша I орынға және «Еліміздің бас ақыны» мәртебесіне белгілі ақын-айтыскер Аманжол Әлтаев ие болса, Айнұр Тұрсынбаева, Бекарыс Шойбеков және жас ақын Жандарбек Бұлғақов II-III орындарға ие болды. Айтыстың бас демеушісі — «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының атынан барлық жеңімпаздарға су жаңа автокөліктер сыйға тартылды. Сондай-ақ Әлібек Серғалиев, Сара Тоқтамысова, Еркебұлан Қайназаров және Сырымбек Сәрсембаев сынды от ауызды, орақ тілді ақындарға ақшалай сыйлықтар табыс етілді.