Алдағы жылы композиторлар Н.Жиганов пен Қ.Мусиннің мерейтойлары аталып өтілетін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы жылы композиторлар Н.Жиганов пен Қ.Мусиннің мерейтойлары аталып өтілетін болады

Алдағы жылы композиторлар Н.Жиганов пен Қ.Мусиннің мерейтойлары аталып өтілетін болады

Алдағы жылы атақты композиторлар Назиб Жиганов пен Қапан Мусиннің мерейтойлары аталып өтілетін болады. Бұл туралы Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның үлкен залында өткізілген «Тағдырлар симфониясы» атты концерт-лекцияда айтылды.

  • 14 Желтоқсан 2010
  • 853
Фото - Caravan.kz

1911 жылы 15 қаңтарда Орал қаласында дүниеге келген Назиб Жиганов кейін Мәскеу консерваториясын бітіріп, Татарстан композиторлар одағын басқарды, Қазан консерваториясының ректоры болды. Көптеген классикалық туындылар жазған ол КСРО халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

1921 жылы Жәнібек ауданында өмір есігін ашқан Қапан Мусин де — көптеген симфониялық шығармалардың авторы, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Қазіргі кезде Орал қаласының бір көшесі Қ.Мусиннің есімімен аталады.

Шара барысында қос композитордың туындылары орындалып, олардың өмірі мен шығармашылығы туралы кітап көрмесі де ұйымдастырылды.

Перейти к новостям спорта