Қалада осынау атаулы күнге орай «Оңтүстік Қазақстанның және Орталық Азияның рухани мәдениеті: зерттеулер, жарияланымдар және перспективалар» деген тақырыпта ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Конференцияға Астана, Алматы, Тараз қаларынан арнайы келген ғалымдар баяндама жасады. Олар мерейтой иесінің 50 жылдан астам уақыт бойы қазақ әдебиетін зерттеумен айналысып келе жатқанын, оның ғылыми-танымдық еңбектері Абайдың, Мұхтар Әуезовтың, Бауыржан Момышұлының туындыларын талдауға арналғанын айтып өтті.
Бүгінде мыңнан астам ғылыми-танымдық еңбек пен жүзден астам кітаптың авторы болып табылатын Мекемтас Мырзахметовтың айтуынша, оның барлық еңбегі, күш-жігері — қазақтың ұлы жазушыларының мұраларын зерттеудегі үлкен сара жолдың басы ғана.