«Алматы» арт-орталығының ұйымдастыруымен өтетін көрмеге еліміздің 30-дан аса өнер шеберлері қатыспақ.
Өнертанушы Баян Барманкұлованың айтуынша, көрмеге графика, керамика жасаушылар мен кескіндемешілермен қатар мүсіншілер, суретшілер, ағаш оюшылары, тіпті асқабақтан әр түрлі туындылар жасаушылар және тағы да басқа өнер түрлерінің шеберлері қатысады деп күтілуде.