Алматы облысында «Аудандар мен қалалардың мәдениет күндері» атты байқау қорытындыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында «Аудандар мен қалалардың мәдениет күндері» атты байқау қорытындыланды

Алматы облысында «Аудандар мен қалалардың мәдениет күндері» атты байқау қорытындыланды

Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов облыстық «Аудандар мен қалалардың мәдениет күндері» атты байқау жүлдегерлеріне ірі ақшалай сыйлық, ал бас жүлдеге ие болған Ақсу ауданына «Уаз» шағын автобусының кілтін табыс етті.

  • 20 Желтоқсан 2010
  • 607
Фото - Caravan.kz


Бұл байқауда алғашқы орынды Қарасай ауданы жеңіп алды, ал Талдықорған, Қапшағай қалалары, сондай-ақ Балқаш, Алакөл, Еңбекшіқазақ, Жамбыл аудандары жүлдегерлер қатарынан табылды. Олар 150 000 теңгеден 300 000 мың теңге аралығындағы ашқалай сыйлықтарға ие болды.

Аталмыш конкурс Талдықорғанда осымен бесінші жыл өткізіліп келеді, жаздың әр сенбісі сайын әрбір аудан кезек бойынша облыс орталығының назарына өздерінің бағдарламаларын ұсынады, ондағы мақсат — облыс орталығының халқын аймақтағы аудандар мен қалалардың шығармашылығымен таныстыру, қала және ауыл жастары арасында рухани-мәдени байланыс орнату болып табылады.

Перейти к новостям спорта