Кітап опера әншісі, КСРО халық әртісі Ермек Серкебаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған. Кітаптың бірінші бөлімінде Ирина өзінің балалық шағы мен әйгілі әртіс отбасындағы өмірі туралы жазған. Екінші бөлімінде Ермек Серкебаев өзінің балалық шағы, ата-анасы, сахнадағы достары мен әріптестері, сапарлары және бүгінгі операның түйткілді мәселелерін әңгіме етеді. Ал үшінші бөлімді жазуға Иринаға Бибігүл Төлегенова, Базарғали Жаманбаев, Есмұхан Обаев және басқа танымал өнер мен мәдениет қайраткерлері көмектескен. Олардың әрқайсысы өз көзқарасын айта отырып, барлығы Е. Серкебаевтың тұлғасын жасаған.
«Бұл менің үшінші туындым. Кітапты жазуға жылға жуық уақыт кетті. Еңбекті Қазақстанмен бірге, АҚШ-та жүріп те жазуға тура келді», деді автор.
Шығаманы көркемдеу жұмыстарын белгілі қазақстандық суретші Балнұр Асанова жасаған. Туынды «Жібек Жолы» баспасынан жарық көрген.