Астанада «Қазақша білесің бе? Досыңа үйрет!» тілдік байқаудың жеңімпаздары марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада «Қазақша білесің бе? Досыңа үйрет!» тілдік байқаудың жеңімпаздары марапатталды

Астанада «Қазақша білесің бе? Досыңа үйрет!» тілдік байқаудың жеңімпаздары марапатталды

Бүгін Астанада «Қазақша білесің бе? Досыңа үйрет!» атты тілдік байқаудың қорытындысы шығарылды.

  • 22 Желтоқсан 2010
  • 502
Фото - Caravan.kz

Байқау Қазақстан-Ресей университеті (ҚРУ) студенттерінің арасында Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қоры мен «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен өтті.

Президенттік қор директоры Абзал Шауеевтің айтуынша, шараны өткізуде қазақ тілін бірлесе үйрену қағидаты басшылыққа алынды. Мәселен, тілді жақсы меңгерген 20 ерікті студент өзіне «шәкіртікке» өзінің курстасын қабылдап, екі айдың ішінде оған ауызекі қазақ тілін үйретуі тиіс болды. Оқыту аяқталғаннан кейін «шәкірттер» «Қазтест» жүйесі бойынша тестілеуден өтті.

Талаптарымен мақсаттарына жеткен жастар бүгін салтанатты жағдайда марапатталып, Президенттік қор мен «Beeline» сауда маркісінен дипломдар мен бағалы сыйлықтар алды. Ал ең үздік «шәкірт» ретінде — менеджмент факультетінің 2 курс студенті Кристина Георбелидзе мен информатика факультетінің 1 курс студенті Валерий Тен танылды. Олардың «оқытушылары» — Әсемгүл Байбатырова (менеджмент факультьеті 2 курс) мен Ақжарқын Қамшы (информатика факультеті 1 курс) да құр алақан қалмай, құрметке бөленді.

Перейти к новостям спорта