«Мен Сізге ел Президенті атынан жоғары мемлекеттік марапат «Парасат» орденін табыс ету құрметіне ие болдым. Бұл орден Сізге Отан алдындағы үлкен еңбегіңіз бен аймақтың қоғамдық өміріне жемісті қызмет еткеніңіз үшін беріліп отыр. Бұл Сіздің конфессиаралық келісімді нығайту мен сақтаудағы жұмысыңыздың тағы бір көрінісі», — деді орденді табыс ете отырып Б.Рысқалиев.