Оралдың «Конденсаты» бірінші турдан кейін бесінші орында келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралдың «Конденсаты» бірінші турдан кейін бесінші орында келеді

Оралдың «Конденсаты» бірінші турдан кейін бесінші орында келеді

Хромтау қаласында өткізілген волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында ҚР ХІХ чемпионатының бірінші турынан кейін Оралдың «Конденсаты» бесінші орында келеді.

  • 28 Желтоқсан 2010
  • 584
Фото - Caravan.kz

«Жайық» волейбол клубының директоры Шоқан Кеңесовтің хабарлағанындай, оралдықтар бұл турда биылғы ел кубогінің иегері «Атырау» командасын 3:0 есебімен тізе бүктірді. Ал аса тартысты өткен кездесулерде 2:3 есебімен «Есіл» (Петропавл), «ШығысҚорғасынҚұрылыс» (Өскемен) командаларына есе жіберді. Сондай-ақ «ТНК Казхром» (Хромтау) командасына 0:3, «Алматыға» 1:3 есебімен ұтылды.

Бірінші турдан кейін «Алматы» 10, «ТНК Казхром» 9, «ШығысҚорғасынҚұрылыс» 8 ұпаймен алда келеді. Жаңа ойыншылармен күшейген бұл командаларға қарағанда, Игорь Никольченко жаттықтыратын «Конденсатта» өзгеріс жоққа жақын. Тек Саранск қаласынан Максим Самарин ғана командаға алынды.

Ұлттық лига командалары арасындағы біріншіліктің екінші туры алдағы жылғы 15-20 қаңтар аралығында Петропавл қаласында өтеді. Ал 7-14 наурызда осы командалар Оралға келеді. Жоғары лига командалары арасында «Жайық-Конденсат» қос турдан кейін әзірге екінші орында келеді. Бұл біріншіліктің үшінші туры 20-28 ақпанда Петропавл қаласында болмақ. Сондай-ақ 10-21 сәуір аралығында жоғары лига командалары Оралда тоқайласады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера