Бұған дейін Э.Глауновтың көмекшісі болып жұмыс жасап келген А. Кучеряв 1970 жылы 24 желтоқсанда туған, отбасылы, 2 баласы бар. Ол футболшы ретінде Павлодардың «Ертіс» командасының құрамында 1993, 1997, 2002, 2003 жылдары Қазақстан чемпионы, 1996/97, 1997/98 жылғы маусымда Қазақстан кубогының иегері атанды. Ұлттық құрама сапында 7 ойын өткізіп, 2005 жылы 6 қарашада аяқдоп ойыншысы ретіндегі мансабын аяқтады. Содан кейін бапкерлікпен айналысып, 2006-2007 жылдары «Ертісте», 2009 жылы «Атырауда» жаттықтырушы, ал 2010 жылы «Қазақмыста» бас бапкердің көмекшісі, желтоқсанда бас бапкер қызметіне тағайындалды. «А» дәрежесіндегі бапкерлік лицензиясы бар.