Оның ең жоғарғы «Элит» дәрежесіне — 17, одан кейінгі «Премьер» дәрежесіне — 12 арбитр ұсынылды. Бұл 12 арбитрдің арасында алматылық Юлия Медведева бар. Соның нәтижесінде ол Еуропадағы үздік отыздықтың қатарына еніп отыр. Ал шымкенттік Ирина Гаврилова 3-дәрежелі арбитрлер тізіміне енді.
Ерлер арасындағы қазылар онда 6 категорияға жіктелген. Олар — «Элит», «Премьер девелопмент», «Премьер» және 2-4 категориялар. Онда қазақстандықтардан Артем Кучин төртінші, Александр Гаузер, Павел Салий мен Анатолий Вишниченко үшінші дәрежелі төрешілер қатарына еніп отыр.